Жарыс Үндістанда өтті
Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары Азия біріншілігінде қола медаль жеңіп алды
instagram.com/waterpolo_kaz
945
оқылды

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында су добынан әйелдер арасында үшінші орын үшін матч өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қола медаль үшін Қазақстан мен Таиланд құрамалары сынға түсті.

Негізгі уақыт 6:6 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандықтар мықтылық танытып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 9:8.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сонымен қатар, ерлер құрамасы да қола медаль жеңіп алды. Олар қарсыластары Жапония құрамасынан 16:14 есебімен басым түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз