Ерлер арасындағы су добы сайыстарының ширек финалдық ойындары аяқталды.
Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы су добынан жартылай финалға өтті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
2,218
оқылды

Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ерлер арасындағы су добы сайыстарының ширек финалдық ойындары аяқталды.

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасын 27:11 есебімен сенімді түрде жеңіп, жартылай финалға шықты.

Енді отандастарымыз келесі ойынын ертең, Қытай құрамасына қарсы өткізеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.