«Өрлеу» бағдарламасы отандық кәсіпкерлерге бизнестің өркендеуіне мүмкіндік беріп, бүкіл елімізде тұрақты дамудың тиімді құралы екенін дәлелдеп келеді.
«Даму» қорының «Өрлеу» бағдарламасы кәсіпті дамытуға қолдау көрсетіп келеді
463
оқылды

Бүгінде жүздеген кәсіпкер "ЦентрКредит Банкі" арқылы бағдарламаға қатысып, өз ойларын іске асырып жатыр.

Кәсіпкерлерге өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешенінде қайта өңдеу, туризм, медицина, білім беру, көлік, логистика және сақтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою секілді басым бағыттар бойынша қолдау көрсетіледі.

Бағдарламаның тиімділігін көрсететін жарқын мысалдардың бірі – Астанадағы  KazPan (КазПан)  компаниясы. Сэндвич-панельдер өндірушісі шикізат сатып алуға және жаңа жабдық орнатуға несие алып, нарыққа қажетті сапалы құрылыс өнімдерін шығару көлемін айтарлықтай арттырды.

Тағы бір табысты жоба – Шымкенттегі Bashpay кәсіпорнымен серіктестік. Мұнда тағам өнеркәсібі кәсіпорындары арасында сұранысқа ие жоғары сапалы жасанды кондитерлік бал өндіру бойынша бірегей жоба жүзеге асуда. Несие жаңа жабдық сатып алуға және дайын өнімді нарыққа тұрақты жеткізуді қамтамасыз етті.

Алматыдағы CIS market компаниясы ірі өндірістік-логистикалық кешеннің құрылысын аяқтады. Бұл кешен отандық тағам өнеркәсібі кәсіпорындарын сапалы шикізат және ингредиенттермен қамтамасыз етуде.

Solar Power жобасы электр тарату жабдықтарын, трансформаторлық қосалқы стансалар мен төмен вольтты тарату шкафтарын өндірумен айналысады. Несие қаражаты қажетті шикізат пен құрамдас бөлшектер сатып алуға бағытталып, өндіріс қуатын арттыруға және жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік берді.

Осылайша, ЦКБ-мен серіктестік кәсіпкерлік бастамалардың табысы мен өсуіне ықпал етіп, перспективті жобаларды жүзеге асыруда қаржылық қолдаудың маңызын көрсетті. Мемлекеттік «Өрлеу» бағдарламасы бастауыш кәсіпкерлерді қолдаудың және өңірлерде жаңа экономикалық бастамалар қалыптастырудың қуатты құралына айналып, алдағы уақытта табысты жобаларды кеңейтуге жол ашуда.

Бағдарлама қатысушылары «Даму» қорының кепілдігін пайдалана алады. Бұл қажетті қаржы ресурстарын алуды жеңілдетіп, несиені қамтамасыз ету талаптарын азайтады.

ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.