Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын болады.
Көктайғақ болады, үсік жүреді: 1 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
509
оқылды

Қазгидромет 1 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын болады. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі.

Оңтүстікте найзағай, бұршақ, дауыл, ал солтүстік-батыста көктайғақ болады.

Тек батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұдан бөлек, республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі.

Сонымен қатар бес облыста үсік жүреді.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Абай облысының батысы мен солтүстігінде -3°C дейін үсік жүреді. Қызылорда облысының батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде -2°C дейін үсік жүреді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.