Спикер Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Радиоактивті материалдарды тасымалдау келісімін талқылайды
1,079
оқылды

Депутаттардың талқы­лауы­на бірқатар халықаралық құ­жатты ратификациялау туралы заң жобалары ұсынылады.

2020 жылғы 6 қарашада қол қойылған ТМД-ға мүше мем­ле­кеттерде радиоактивті ма­те­риал­дарды трансшекаралық тасы­малдау туралы келісімде экспорт, транзит және межелі елдерде міндетті рұқсат алумен қатар, жүк жөнелтушілер, жүк алушы­лар және тасымал­дау­шы­лар үшін бірыңғай ережелер мен қауіп­сіздік талаптары нақ­тыланады.

Қазақстан мен Түрік­мен­стан үкіметтері арасындағы қыл­мыс­керлікке қарсы күрес­тегі ынты­мақтастық туралы ке­лісімге 2024 жылы 10 қазанда Ашхабадта қол қойылды. Құ­жат қылмыс­тың 14 түрі, оның ішінде ұйым­дасқан қылмыс, терроризм, эко­номи­ка­лық және есірткіге байланысты қылмыстар және бас­қалар бо­йынша ынтымақ­тас­тықтың құ­қықтық негізін айқындайды.

Жалпы отырыста палата ко­митеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдайды. Олардың қатарында Еңбек кодексіне ең­бек саласындағы ұжымдық қа­ты­настарды реттеу мәселелері бо­йынша түзетулер мен Ұлы­бри­тания және Солтүстік Ир­ландия Біріккен Корольдігімен страте­гиялық әріптестік және ынты­мақ­тастық туралы келісім бар.