Солтүстік циклон және онымен байланысты фронттық бөліністер Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырады.
Жаңбыр жауып, үсік жүреді: 26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
491
оқылды

Қазгидромет 26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік циклон және онымен байланысты фронттық бөліністер Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырады.

Тек шығыс пен оңтүстік-шығыс аймақтарға антициклонның ықпалы тиіп, ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1°С үсік жүреді.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі және шығысында, Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды және Қостанай облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.