Әнші өзін сынап, түрлі пікір жазатындарға мән бермеуге тырысатынын айтты.
«Мұрнының пішінін өзгертті»: әнші Жарқынай Ханайым пластикалық ота жасатты
Фото: instagram.com/ jarqin.ai
1,662
оқылды

Әнші, актриса Жарқынай Ханайым пластикалық ота жасатты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі мұрнының пішінін өзгерткен.

“Жарқынай бала кезінен армандаған арманын орындады. Мұрнының пішінін өзгертті. Отаға дейін азиаттық типті мұрын болатын. Біз мұрын көпірін түзеттік. Ұшын ұзын, нәзік етіп жасадық. Нәтижесін көріп тұрғаныңыздай, ол өте риза”, – деп жазды ота жасаған дәрігер. 

Әнші өзін сынап, түрлі пікір жазатындарға мән бермеуге тырысатынын айтты.

“Өмірде ешкім туралы пікір қалыптастырып, шешім шығаруға асықпаңыз. Уақыт деген құдіреттің үкімінен әлі ешкім қашып құтылған емес. Сол үшінде әділетсіздік, немесе негатив көрсем, күліп бірден сабырға келетін болыппын”, – деп жазды әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.