Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ сапарында Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді.
FIFA президенті Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Фото: Ақорда
1,409
оқылды

Мемлекет басшысы балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін Федерацияға ризашылық білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың ақпаратына сілтеме жасап.

Президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірді.

Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, Федерацияның ұлттық футбол деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.