Берік Серікұлы 1980 жылдың 1 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туған, қазақ, білімі жоғары.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің орынбасары тағайындалды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
3,158
оқылды

Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Берік Беркімбаев тағайындалды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Берік Серікұлы 1980 жылдың 1 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туған, қазақ, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Шеффилд университетін (Ұлыбритания) бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі - құқықтану, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат. 

Еңбек жолын 2001 жылы Прокуратура органдарында бастаған. 2010-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Әділет министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды. 

2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары. 2023 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында Қазақстан Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі. 

2023 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымында қызмет етті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.