Ақтөбеде кішкентай батырға 100 қаз табыстады.
Ақтөбеде қаздан қашқан 3 жасар балаға 100 қаз сыйлады
коллаж: BAQ.KZ
877
оқылды

Әлеуметтік желілерде хитке айналған «қаздан қашқан бала» бейнежазбасының басты кейіпкері – үш жасар Керей Махамбетұлы ерекше сыйға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ақтөбеде кішкентай батырға 100 қаз табыстады.

Бұл видео желіде 200 миллионнан астам қаралым жинаған. Тіпті, америкалық рэпер Snoop Dogg та роликті өз парақшасында жариялап, көпшіліктің назарын аударған еді.

Керей Ақтөбенің Күншуақ шағынауданында тұрады. Әкесі – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Отбасы жылқы, пони және қаз өсіреді.