Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері Кеген аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 18 млн теңгеге жуық бағаланған мал ұрлығының алдын алды.
Барымта қылмысы азайды
коллаж: Елдар ҚАБА
2,781
оқылды

Мәлімдемеге сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасының бойында жалпы саны 31 жылқы қолды болған. Осы қылмысқа қатысы бар 42 және 22 жастағы екі күдікті ұсталып, Кеген аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шекара бойында өз бетінше жайылып жүрген жыл­қы­ларды қолды қылып, оңай пайда таппақ болған күдіктілерге қатысты алдын ала тергеу жұмысы бас­тал­ды. Сондай-ақ олардың осыған ұқ­сас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Жалпы, мал ұр­лығына малшылар тарапынан тиіс­ті бақылаудың болмауы себеп. Қа­раусыз жайылған малының жо­ғал­ғанын кеш байқаған адамдар по­лицейлерге уақыт өткізіп барып ха­бар беруі де қылмыстың дер ке­зін­де ашылмауына түрткі болып отыр. Өз бетінше іздеп, табанынан тау­сылып жүргенде мал мен ұрыны із­дестіруді жеңілдететін айғақ пен із жоғалып кетеді.

Айта кету керек, шекарашылар жер­гілікті тұрғындардың шекараға жа­қын маңда өз бетінше жайылып жүр­ген малының қауіпсіздігіне жауап бермейді. Өйткені жел өтін­де­гі әскерилерге Тәуелсіз Қазақ­стан­ның шебін көздің қарашы­ғын­дай күзету жүктелген. Соған қара­мас­тан, шекарашылар ауыл тұрғын­да­рына қора мен өрістегі малына жауапкершілікпен қарап, сақтық ша­раларын күшейтуге шақырады. Ше­карашылар берген ақпаратқа сәй­кес қимылдаған жергілікті поли­ция қызметкерлерінің жедел-про­фи­лактикалық шарасының нә­ти­жесінде барымташылар ұсталып, те­мір торға қамалды.

Ұрыларға заң қатал

Қазір қай аймақты алып қара­саңыз да, мал ұрлығы өршіп тұр. Шын мәнінде, мал ұрлығы жылдың қай мезгілінде де бәсеңдемейді. 2019 жыл­ғы 27 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне қыл­мыс­тық, қылмыстық-процестік заң­на­ма­ны жетілдіру және жеке адам құ­­қықтарының қорғалуын күшейту мә­селесі бойынша өзгерістер мен то­­­лықтырулар енгізу туралы» Заңын­­­да мал ұрлығына қатысты жа­за ба­рын­ша қатаңдатылды. Мал ұрлығы же­ке бап болып енгізіліп, төрт тү­лік­ке қырғидай тиетіндер бұ­­­рын­ғы­дай жеңіл жазамен құ­тыл­майтын бол­ды. Қазір сотта мал ұрлау­­­­шы­лар­дың қылмысы жалпы ұр­лыққа кір­мей, арнайы баппен қа­ралады. Бұл бап ауыр санатқа жа­тады және сот­талу­шыны бас бос­тан­дығынан айы­ра­ды.

Заңдағы 188-1-бапта бөтеннің ма­лын ұрлағандардың мүлкі тәркі­ле­ніп, 3 000 айлық есептiк көрсет­кiш­ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу­ға не сол мөлшерде түзеу жұ­мысына, 5 жылға дейiнгі мер­зім­ге бас бостандығынан шектеуге не­месе сол мерзімге бас бостан­ды­ғы­нан айыруға жазаланатыны көр­сетілген.

Ал алдын ала сөз байласу арқы­лы мал ұрлаған қылмыстық топтың, ірі мөлшерде мал ұрлаушылардың жа­­­засы бұдан да ауыр. Олардың да мүл­кi тәркiленiп, 3 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айы­рылып, жазаланатын болса, тұр­ғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйым­ның, мекеменің, мал қораның, қа­шаның немесе өзге де қойманың ау­ласына кiрумен, бірнеше рет аса ірі мөлшерде және қылмыстық топ жа­с­аған мал ұрлау бойынша жаза одан әрі қатаңдатылған. 

Жалпы, мал ұрлағандарды табу, ұстау қандай қиын болса, қылмысты дә­лелдеу мен жоғалған тұяқты ор­ны­на қою одан да күрделі. Біреудің қо­расындағы малды болмашы ақ­шаға сата салатын қылмыскерлер өз қателігін мойындап, кешірім сұрап, көбіне ұрлағанын орнына қойып береді. Бірақ жоғалғаны табылған жәбірленуші енді «қайтқан малда бе­реке бар» деп дау қумай, мәселені жы­лы жауып қоя алмайтынын еске­ру керек. Себебі шығынды өтеп, істі болған қылмыскерлер жәбірлену­ші­лермен келісімге келе алмайды.

Мал ұрлығын басқа қылмыс­­пен салыстырмау керек. Өйткені мал шаруашылығымен күн көріп отыр­ған ауыл халқының төрт түлігіне қол сұғу табыс көзінен айырумен тең. Ал ұрланған малды сатып алушылар  Конституцияның 196-бабына сәй­кес «Қылмыстық жол­мен көрі­неу өн­дірілген мүлікті са­тып алу немесе өткізу», 160 айлық есеп­тік көрсет­кіш­ке дейінгі мөл­шер­де айыппұлмен (490 080 теңге) не түзеу жұмысымен, қоғамдық жұ­мысқа 160 сағатқа дейінгі мер­зімге тартылумен не мер­зім­ге тыйым салумен жазаланады.

Егер қылмыс бірнеше рет жа­сал­са, 200 айлық есептік көрсет­кіш­ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрін­де не түзеу жұмысымен не 200 са­ғат­қа дейінгі мерзімге қоғамдық жұ­­­мысқа тарту арқылы не 50 тәу­лік­ке дейінгі мерзімге қамауға алу ар­қы­лы жаза тағайындалады.

Қараусыз малға қырғидай тиеді

Алматы облысы полиция депар­те­мен­тінің мәліметінше, 2023 жылы аймақта 296 мал ұрлығының фактісі тір­келген. 2024 жылы бұл көрсеткіш 20 пайызғаға төмендеп, 244 барым­та­ға қатысты іс қозғалған. Сондай-ақ облыстың 9 ауданының ішінде мал ұрлығы ең көп тіркелген жер – мал шаруашылығы қарқынды да­мы­ған Жамбыл ауданы. 

«Талдау көрсеткендей, ұрлық­тың басым бөлігі мал қараусыз қал­ған бос жайылымдар да болады. Осы­ған орай Алматы облысының по­лициясы мал иелеріне қауіпсіздік ша­расын күшейтуді ұсынады. Атап айтқанда, қоршалған жайы­лым­дарды пайдалану, түнгі кезек­ші­лік ұйымдастыру және бейнеба­қылау жүйесін орнату қажет», – деп ескер­теді департаменттен.

Полиция мәліметінше, 2024 жы­лы ұрланған 166 бас мал заңды ие­леріне қайтарылған. Еске са­лайық, елімізде мал ұрлығы 30,5 пайыз­ға азайды. 2024 жылы елімізде 1 026 мал ұрлығы болса, қылмыстың жарты­сынан көбі жайылымда бол­ған.

«Қабылданған кешенді шара­лар­дың арқасында кейінгі 5 жылда мал ұрлығы 64 пайызға азай­ды. Қыл­мыстың осы түрімен күресті кү­шейту мақсатында Ішкі істер ми­нистрлігі басқа мемлекеттік орган­дар­­мен бірлесіп, заңнамалық, ұйым­­­­­­­дастырушылық және практи­ка­лық шараларды тұрақты түрде жүр­гізеді», – деді ведомствоның рес­­­ми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Оның айтуынша, осындай қа­дам­дардың бірі ретінде ауыл шаруа­шы­лығы жануарларын жаю ере­же­лерін қабылдауды атап өтуге бо­ла­ды. Сондай-ақ жайылым ережелерін бұз­ғаны үшін Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодекстің 408-бабына сәйкес, әкімшілік жауап­кершілік белгіленген. 2024 жылы еліміз бойын­ша 38,5 мыңнан астам осын­дай бұзушылық анықталды. Былтыр мал ұрлығына қарсы республикалық деңгейде 2 іс-шара, өңірлік деңгейде 76 іс-шара өткізілген.

Ал жақында Балқаш өңірінде по­лицейлер бірқатар мал ұрлығын жасады деген күдікпен үш ер адамды ұстады. Тергеу ісінің басталуына Бе­реке ауылынан 8 шақырым жерде орналасқан жайылымнан ірі қара малдың жоғалғаны жөнінде жер­гі­лік­ті тұрғынның өтініші себеп бол­ды. Жәбірленушіге келтірілген жал­­пы шығын 2,4 млн теңгені құра­ды. Аталған факті бойынша қыл­мыс­тық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тер­геу амалдары басталды.

«Жедел іс-шаралар барысында Береке ауылының маңында поли­ция қызметкерлері Volkswagen Jetta ав­токөлігін тоқтатты. Автокөліктің са­лонында екі адам болған, көлікті тек­серу кезінде сиыр малының екі тұ­тас еті, тегіс ұңғылы мылтық, бал­та және асүй пышағы табылып, тәр­кіленді. Кейін тәртіп сақшылары қылмыстық топтың тағы бір мүше­сін ұстады. Күдіктілердің үшеуі де уа­қытша ұстау изоляторына қамал­ды», – деп хабарлады жауапты ве­домство.

Қазір бұл топтың оннан астам мал ұрлығына қатысы бар екені дә­лелденді. Олардың аймақтағы осы­ған ұқсас басқа да қылмыстарға қа­тысы бар-жоғын анықтау үшін тер­геу амалдары жүргізілуде.

Алматы облысының полиция де­партаменті мал иелеріне сақтық шараларын сақтау қажетін жиі ес­кер­теді. Ол үшін малды қараусыз қал­­дырмау, ұйымдастырылған жайы­­лымдарға тапсыру, қора-жай­лар­ды бейнебақылау жүйесімен жаб­дықтау, малдың қозғалысын ба­қылауға арналған құралдарды пай­­далану, сондай-ақ күдікті адам­дар мен көліктерді байқаған жағ­дай­­да дереу полицияға хабар беру қа­жет.

Көктем ҚАРҚЫН