Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» отбасы құндылықтарын дәріптейтін тағылымды іс-шара өтті. Отбасы күні мерекесіне арналған салтанатты жиында өнегелі әулеттер марапатталып, көпшілікке үлгі етерлік өмір жолдары насихатталды.
Бірліктің бастауы – берекелі отбасы
2,624
оқылды

Мерекелік жиынға қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің тө­райымы Гүлжан Сүгірбаева, Ас­самблея хатшылығының мең­геру­шісі Айгүл Әмзеева бастаған зия­лы қауым өкілдері қатысты. Сал­танатты жиынды ашқан Гүлжан Сүгірбаева алдымен отбасының қо­ғамдағы орны мен мән-маңы­зы­на тоқталды. 

«Отбасы – мемлекет пен қо­ғам­ның басты тірегі. Әр шаңы­рақ­та ұлттық дәстүр сақталып, бауыр­мал­дық пен сыйластық орнықса, елі­міздегі бірлік пен ынтымақ та ны­ғаяды. Әрбір әулеттің тарихы – ел тарихының бөлшегі. Біз өнегелі отбасыларды дәріптеу арқылы жас­тарға бағыт-бағдар беруді көз­дейміз. Ұрпақ тәрбиесі аналардың ғана емес, бүкіл қоғамның мін­де­ті», – деді ол.

Жиын барысында қа­ты­су­шы­ларға отбасы құндылықтарын сақ­­­­таудың, жас ұрпаққа өнеге көр­се­тудің маңызы кеңінен түсіндірілді. Шара барысында алдын ала ірік­теуден өткен отбасылар түрлі но­ми­нация бойынша марапатталды. 

«Азамат тәрбиелеген отбасы» ата­ғы қоғамға адал қызмет етіп, ұр­пақ тәрбиесіне ерекше мән бер­ген Курбанходжаевтар әулетіне та­бысталды. Бұл әулеттен шыққан таек­вондошы Дастан Нәжімханов елі­міздің намысын халықаралық жа­рыстарда қорғап жүр. «Күміс кере­ге» номинациясына 25 жыл отасып, ұлттық құндылықтарды дәріп­теп келе жатқан Бүркіттер от­басы мен Андар әулеті лайық деп танылды. Ал «Алтын шаңы­рақ» марапатын 50 жыл бір-біріне серік болып, берекелі ғұмыр кешіп келе жатқан Үсенбековтер әулеті иеленді.

Әр отбасының өмірлік ұста­ны­мы – әділдік пен ізгілікке тәрбие­леу, еңбекқорлыққа баулу және ұлт­тық дәстүрді ұрпаққа аманаттау. Олар қоғамдық істерге белсене ара­ласып, ел ішіндегі ынтымақ пен бірлікті нығайтуға үлес қосып ке­леді.

Жартығасырлық отбасылық өмірді артқа тастаған Өмірбек Үсем­бек пен жұбайы Роза Әлім­бек­қызының өнегелі ғұмыры көп­ші­лікке үлгі болды. Олар ұрпағын адал­дыққа, еңбексүйгіштікке, дәс­түрге құрметпен қарауға бау­лып келеді. 

«Біз үшін ең үлкен марапат ба­ла­­ларымыздың адал, еңбекқор бо­­лып өсуі. Осындай құрметке ие бол­­­ғанымыз сол тәрбиенің жемісі. Құн­­­дылықтарды сақтап, ұрпаққа жет­­кізу әр ата-ананың борышы», – деді Өмірбек ақсақал.

Салтанатты кеш барысында үз­дік әулеттердің өмір жолынан сыр шертетін бейнематериалдар көр­сетіліп, олардың тәлімді тәжі­ри­бесі жастарға үлгі етілді. Сон­дай-ақ жергілікті өнерпаздар ар­найы концерттік бағдарлама ұсы­нып, жиналғандарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы