Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі аясында Қазақстан Президенті бірқатар делегация өкілдерін қабылдады.
Бірқатар діни делегация өкілдерімен жүздесті
2,686
оқылды

Қадірлі қонақтардың қатарында Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл болды. Президент бұл кездесуді Қазақстан мен Ре­сей арасындағы ынтымақтастықты терең­де­ту жолындағы тағы бір маңызды қадам ре­тінде сипаттады.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Из­раиль­дің бас ашкеназ раввині Кальман Бер­мен, Израильдің бас сефард раввині Да­вид Йосеф­пен, Американың ірі еврей ұйым­дары президенттері кон­ференциясы ат­қарушы төрағасының орынбасары Ма­лькольм Хон­лайнмен кездесті.

Президент еліміздің халқы әлемнің не­гізгі діндерін ұстанатынын айтты. Олардың ара­сында иудаизмнің орны ерекше. Ал ев­рей ұйымдары қоғамның ажырамас бөлігі ре­тінде Қазақстан халқы Ассамблеясын да­мытуға және нығайтуға зор үлес қосып келеді.

Президент қабылдауына Иерусалим Пат­риархы III Феофил де болды. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заманда дін айрықша рөл атқаратынына тоқталып, бейбітшілікті сақтау және дінаралық қарым-қатынас мәдениетін ілгерілетуде дін қай­рат­керлеріне үлкен жауап­кершілік жүктелгенін мәлімдеді.

Бұдан соң Мемлекет басшысы Дүние­жүзілік даошылар федерациясының төра­ға­сы Ли Гуанфу, Қытай буддашылар қауым­дас­тығы төрағасының орынбасары Цзин Бо жә­не ҚХР Дін істері жөніндегі бас басқар­ма­сының әкімшілік департаменті бастығы­ның орынбасары Сунь Вэй бастаған деле­гация­ны қабылдады. Президент жаһандық өркениетаралық диалогты дамытуда Қы­тайдың сындарлы рөл атқаратынын, сондай-ақ бұған Төраға Си Цзиньпин зор үлес қос­қанын атап өтті.

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам Аллашүкір Па­ша­заде де Президент қабылдауында болды. Кездесуде дінаралық диалогты ілгерілету, мем­лекеттер арасындағы се­німді нығайту мә­селелерінде Қазақстан мен Әзербайжан­ның ұстанымдары ортақ екені айтылды