Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Есіркеп Садақбаевтың қыркүйектің 3-іне қараған түні қайтыс болғанын хабарлады.
«Сараптама тағайындалды»: Түркістанда ұлы соққыға жыққан қарияның мәйітін тексерді
1,090
оқылды

Түркістан облысы Шардара ауданында ұлы соққыға жыққан қарияның мәйіті шығарылып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Есіркеп Садақбаевтың қыркүйектің 3-іне қараған түні қайтыс болғанын хабарлады. Ол көзі тірісінде гипертониялық жүрек ауруы және омыртқа остеохондрозы диагнозымен дәрігерлердің бақылауында болған. Қарт адам алған дене жарақаты бойынша дәрігерге жүгінбеген.

"Туыстары қайтыс болу фактісін дер кезінде жеткізбегендіктен, медицина қызметкерлері анықтау актісін бере алмады. Қазір мәйіт эксгумацияланып, сараптама тағайындалды. Соңғы қорытынды қосымша жарияланады", – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ер адам өз әкесін аяусыз қорлады деген күдікке ілініп, қамауға алынған еді.