Отағасы Дәурен мен Гүлзада әскери борышты қатар атқарып қана қоймай, алты бірдей баланы тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы.
Атырауда Ұлттық ұланда 10-ға жуық ерлі-зайыпты қызмет атқарады
946
оқылды

14 қыркүйек – Отбасы күні. Бұл мерекенің мәні – қоғамның басты тірегі саналатын отбасының қадір-қасиетін насихаттау. Атыраудағы Ұлттық ұланның әскери қызметшілері үшін бұл күннің орны тіпті ерекше. Өйткені 5546 әскери бөлімінде 10-ға жуық ерлі-зайыпты ел қауіпсіздігі жолында иық тірестіре қызмет етіп келеді.

Солардың бірі – Жашибаевтар әулеті. Отағасы Дәурен мен  Гүлзада әскери борышты қатар атқарып қана қоймай, алты бірдей баланы тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы.

– «Әскер – біздің ортақ өмірлік жолымыз. Қызмет пен отбасын қатар алып жүру – жауапкершілік пен сенімге негізделеді. Ұл-қызымызды да елін сүйетін, адал азамат етіп өсіруге тырысамыз», – дейді Дәурен Жашибаев.

Ұлттық ұлан сапындағы мұндай отбасылар – елге адал қызметтің, бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісі.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы