33 жастағы Талғат Бисен пара алды деген күдікпен әкімдік ғимаратының алдынан ұсталды. «Ақ Жайықтың» хабарлауынша, ол Құрманғазы ауданынан іссапардан оралған сәтте ұсталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Шенеунік мердігер компания басшысынан пара алды деген күдікке ілінген. Осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, компания кеңсесі мен әкімдікте тінту жүргізілді. Қазіргі уақытта Талғат Бисен уақытша қолхатпен босатылды.
Тергеу жалғасуда.
Айта кеткен жөн, осыған дейін Атырау облысының Құлсары қаласындағы шағынауданда құрылысы жүріп жатқан мектепте шатырдың бір бөлігі опырылып түскенін жазған едік. Бұған жауапты Атырау облысының Құрылыс басқармасы болған.
Баян Жанұзақова, Атырау облысы