Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Виктория Графеева әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды
801
оқылды

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті,  деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Виктория 1/4 финалда Өзбекстан елінің боксшысы Ситора Турдибековамен қолғап түйістірді.

Алғашқы раунд тең дәрежеде өтті. Дегенмен Виктория Графеева жекпе-жектің екінші және үшінші кезеңінде басым түсті. Осылайша, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.