Сағындық Тоғамбай 90 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды
Фото: ҰОК
1,353
оқылды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сағындық Тоғамбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Сағындық бұл кезеңде Джек Марлимен (Ирландия) өзара мықтыны анықтады. Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан-ақ басымдық танытып, төрешілердің шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.