Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев президент Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Балқан түбегіндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі саналатын Солтүстік Македония Республикасымен дәстүрлі достық және өзара түсіністік рухындағы ынтымақтастық ұдайы дами беретініне сенім білдірді.