Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында жолдады.
Жасанды интеллектіні енгізу біздің ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалды – Ерлан Қарин
Фото: akorda.kz
5,003
оқылды

Жолдауда айтылған цифрландыру және жасанды интеллект қолданысқа жаппай енгізу туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин пікір білдірді. 

«Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді. Бұл қадамның барлығы жинақтала келіп, Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктіріледі.

Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып отыр. Бұл ретте Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет атануды көздейді.

Осылайша, биылғы Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу біздің ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалды», – деді Ерлан Қарин. 

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект  министрлігі құрылатынын айтты.