Әйел адам салынып бітпеген құрылыстың бесінші қабатынан секіріп кеткен.
Атырауда әйел адам бесінші қабаттан секіріп кетті
4,172
оқылды

Оқыс оқиға 6 қыркүйек күні таңғы  сағат 9 шамасында Атырау қаласы, Нұрсая ықшамауданындағы Таумыш Жұмағалиев көшесінде болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әйел адам салынып бітпеген құрылыстың бесінші қабатынан секіріп кеткен. Құрылыс маңындағы көпқабатты үй тұрғындары жедел жәрдем шақырған. Қазіргі уақытта әйел адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Атырау облыстық Полиция департаменті оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап жатыр.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы