Институттың хабарлауынша, халықтың 75,9%-ы елдің даму бағытын қолдайды. Соның ішінде жастар ел ертеңіне сенеді. Зерттеу көрсеткендей, жастардың 84,6%-ы болашаққа оптимист көзқараста. Азаматтарының төрттен үш бөлігі елдің даму бағытын дұрыс деп бағалайды. Яғни, 90%-ы осы елде туғанына, азаматы болғанына дән риза. Содан да болар тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттің дұрыс бағытта дамып жатқанын атап өткен.
Соның ішінде қазақстандықтар реформалардың нақты нәтиже беріп жатқанын айтқан. Мұны аталған институт әлеуметтік сауалнама арқылы анықтаған. Әсіресе, жастар ел дамуының басым бағыттарын атап, өзгерістерге оң бағасын берген.
Айбике ЖАНАСЫЛ