Бұған дейін қала тұрғындарының бір бөлігі қалада ұзаққа созылған гуіл естілгенін айтып, оны зиянды шығарындылармен байланыстырған еді.
«Шіріген жұмыртқаның иісіне ұқсайды»: Атырауда ауа ластанып, тағы да сасық иіс сезілді
2,768
оқылды

Атырау қаласының түрлі аудандарындағы тұрғындар екінші күн қатарынан өткір әрі жағымсыз иіске шағымданып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Кейбір жерлерде ол кәріз иісін еске түсірсе, басқа аумақтарда газдың иісіне ұқсайды.

AirKz қосымшасының деректеріне сәйкес, "Загородная" ауданында күкіртсутектің концентрациясы бір текше метрге 8,4 микрограммды, ал Шығыс ауданында 8,1 микрограммды құрады. Сондай-ақ азот диоксидінің деңгейі 54,7 микрограммға дейін жеткен. Бұл көрсеткіш рұқсат етілген шектен асып отырғанымен қоймай, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Бұған дейін қала тұрғындарының бір бөлігі қалада ұзаққа созылған гуіл естілгенін айтып, оны зиянды шығарындылармен байланыстырған еді. Белгілі болғандай, күкіртсутек шіріген жұмыртқаның иісіне ұқсас ерекше иіспен сипатталады және ұзақ әсер еткен жағдайда бас ауруын, жүрек айнуын туғызуы мүмкін. Ал азот диоксиді тыныс жолдарын тітіркендіріп, әсіресе астмасы бар адамдар мен созылмалы ауруы бар тұрғындар үшін аса қауіпті болады.

Қала тұрғындары қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіріп, ауаның ластану себебі мен халықты қорғау шаралары жөнінде құзырлы органдардан түсініктеме күтіп отыр.