"Қазгидромет" синоптиктері 30 тамыз-2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Елімізде күн суытады
Фото: tolqyn.kz
4,543
оқылды

Ел аумағына батыс антициклоны жылжи бастайды. Ол Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.

Елдің солтүстігінде ауа температурасы +12…+17 градус, шығысында да +12…+17 градус болады.

Орталық аймақтарда +15…+20 градус күтіледі.

Оңтүстікте +23…+28 градус болады.

Оңтүстік-батыста ауа температурасы +25…+30 градус шамасында сақталады.

Батыста ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: +27…+32 градустан қатты ыстық +32…+37 градусқа дейін жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз