Қайғылы оқиға 26 тамызда болған.
Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі адам қаза болды
Фото: gov.kz
2,714
оқылды

Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі адам көз жұмды, - деп хабарлайды Аikyn.kz sputnik-ке сілтеме жасап. Ақпаратты "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС растаған.

Оқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде автокөтергіш аударылып, салдарынан екі жұмысшы қаза тапқан.

Қайтыс болғандар – мердігер мекеменің жұмысшылары.

Оқиғаның себебін жұмыс тобы анықтап жатыр. Зауыт жұмысын жалғастыруда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.