Әнші Заттыбек Көпбосынұлының әкесі өмірден өтті, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші қаралы хабар туралы Instagram парақшасында жазды.
«Қош бол, ӘКЕ!
Анашыма сәлем айта барыңыз.
Бізде бәрі жақсы де.
Ең үлкеніміз 63-тен асты де,
Ең кішкентай шөберең енді бірден асты де.
Шүкір де,
Біз өсірген ұл-қыздар
Бәрі бүгін өсті де..
Ақымыз болса, кешіңіз, ӘКЕШІМ!», - деп жазды өнер иесі.
Әншінің әріптестері мен оқырмандары қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.