Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерун астанасы Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалында өнер көрсетті.
Панарин күміс медаль алды
4,252
оқылды

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, ерлер арасындағы жекелей сайыстың шешуші ойын­ында қазақстандық спортшы Индо­незия өкілі Прадиска Шудживомен кездескен. Кездесу 2:0 есебімен (21:13, 21:7) қарсыластың пайдасына шешілген. Сөйтіп, Панарин жарысты екінші орынмен аяқтаған.