22 тамыз күні Шымкент қаласының алты тұрғыны (үшеуі ер, үшеуі әйел) Бәйдібек ауданындағы «Үлкен Тұра» шыңына шыққаннан кейін белгіленген уақытта оралмаған. Байланыс та үзілген.
Құтқарушылар «Сырдария–Түркістан» өңірлік табиғи паркі аумағына аттанып, шамамен 5 шақырым таулы аймақты, соның ішінде 1 шақырым өзен бойын жаяу жүріп өтті.
Топ түнде табылды. Әйелдердің бірінің аяғы сынғаны анықталды, сондықтан қалғандары оны өздігінен тасымалдай алмаған.
ТЖМ азаматтарға тауға шыққанда мұқият дайындалып, байланыс құралдарынсыз жолға шықпау қажеттігін ескертеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.