Атмосфералық бөлімдердің әсерінен кейбір өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Фото: .istockphoto.com
3,968
оқылды

Республиканың оңтүстік-шығысында күн ашық болады. Жалпы, еліміз бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Астанада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +25+27°C, желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +27+29°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей уақытта 18 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +33+35°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.