Астанада қыркүйек айында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне дайындық мәселелері ерекше назарда.
Қазақстан мен Қасиетті Тақ мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Фото: gov.kz
1,015
оқылды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қазақстандағы Апостолдық нунций Джордж Панамтундилмен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Кездесу Қазақстан мен Ватикан арасындағы қарым-қатынастардың конструктивті сипатын және екіжақты диалогтың кең ауқымын растады.

2025 жылғы 17-18 қырқүйек аралығында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақ тарапы Қасиетті Тақтың Съез жұмысына тұрақты әрі белсенді қатысуына ризашылық білдірді.

Сұхбат барысында ғылым мен білім беру салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары қарастырылды. Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Ватиканның апостолдық архиві мен кітапханасы арасындағы ынтымақтастықтың дамып келе жатқаны қанағаттанушылықпен аталып өтті.

Сонымен қатар тараптар Bambino Gesú клиникасымен серіктестік мәселелерін талқылап, педиатриялық неврология мен эпилептология саласындағы бірлескен жобаларды дамыту жоспарлары айқындалды.

Кездесу соңында тараптар жан-жақты ынтымақтастық мәселелері бойынша тұрақты диалогты жалғастыруға ниеттерін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.