Ер адам қорқынышты костюм киіп, лифт істен шыққандай етіп көрсеткен.
Астанада пранк жасап, кішкентай қызды қорқытқан ер адам қамауға алынды (видео)
Фото: видеодан скрин
599
оқылды

Астанада орынсыз пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында полиция қызметкерлері ер адамның қорқынышты костюм киіп, лифт істен шыққандай етіп көрсетіп, қызды әдейі шошытқан видеосын анықтады. 

Осы оқиға бойынша 26 жастағы қала тұрғыны полицияға жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды. 

«Полиция мұндай “әзілге” жол берілмейтінін еске салып, азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады», - делінген полиция хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM    арнасынан табасыз.