Бүгін Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық тәртіпте Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған адамдарға қатысты қылмыстық істі қарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 тамыздағы қаулысымен үкім мен жеке қаулы өзгеріссіз қалдырылды", – делінген ресми хабарламада.
Бірінші сатыдағы соттың үкім бойынша:
Абзал Шынасыл – 23 жылға, Равиль Сакиев – 20 жылға, Азамат Тоқтаубаев – 15 жылға, Нұрқияс Ілиясов – 9 жылға, Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет әрқайсысы – 7 жылға; Думан Ысқақ 1 жыл 6 айға сотталды. Ол шілде айында жазасын өтеуіне байланысты бостандыққа шықты.
Моральдық зиянды өтеу үшін өндіріп алу туралы қаулы етілді:
А.Н. Шынасылдан – 60 млн теңге, Р. Сакиевтен – 30 млн теңге, қалған сотталушылардан және Сакиевтен бірлесіп – 30 млн теңге. Кәмелетке толмаған Ы.-ға қатысты жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.
Сонымен қатар, сот куәгерлер Д. Жақсыгелді, Э. Нұрбекова, А. Казакенов және Ю. Рузбакиевтің әрекетінде қылмыс белгілері болуы мүмкіндігіне прокурордың назарын аудару туралы жеке қаулы шығарды.
Соттың үкімімен келіспеген сотталғандар мен олардың қорғаушылары апелляциялық тәртіппен шағымданды.
Бірінші сатыдағы соттың жеке қаулысына қатысты адвокат Сыдықбеков Д. куәгер Жақсыгелді Д.-ның мүддесінде жеке шағым түсірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.