Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Пәкістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда
921
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда су тасқыны мен нөсер жауынның салдарынан көптеген адамның қаза тауып, зардап шегуіне байланысты көңіл айтты.

– Қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.