Бүгін Алматы облысы Арна ауылындағы Новая көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шықты. Жалын 54 шаршы метр аумақты қамтып, үй ішіндегі тұрмыстық заттарға тез тараған.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметі дереу іске кірісті. Өртті ауыздықтау кезінде үйдің ішінен екі газ баллоны сыртқа шығарылып, олардың жарылысының алдын алды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.