Қазақстанның ерлер құрамасы XII Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
XII Дүниежүзілік ойындарында жауынгерлік самбодан командалық сайыстың шешуші бәсекесі мәресіне жетті.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Қазақстан ерлер құрамасы финалда Украинамен жолығып, 0:2 есебімен жол берді.
Ерлер құрамасының жарыстағы жолы:
1/2 финал. Камерун - 1:0
1/4 финал. Венесуэла - 2:0
Осылайша, 32 жылдан кейін Дүниежүзілік ойындар бағдарламасына қайта енген жауынгерлік самбодан жерлестеріміз 1 алтын, 3 күміс медальмен аяқтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.