Алматы облысында «Бағанашыл» балалар үйіндегі жанжалдан кейін бірнеше жоғары лауазымды тұлға қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасының ақпаратына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісімімен:
Облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков;
Облыстық Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева;
Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов отставкаға кетті.
Сонымен қатар облыс әкімінің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс берілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.