Әнші сахнада мыңдаған көрерменнің алдында сәби күтіп жүрген жұпқа гендер-пати жасап, олардың болашақ сәбиінің жынысын айтты.
«Бақытты болсын!»: Дженнифер Лопес Алматыдағы концертінде қазақ отбасыға гендер-пати жасап берді (видео)
Фото: eventworld
1,039
оқылды

Әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопес Алматыдағы концертінде көрерменге тосынсый жасады, - деп жазды Aikyn.kz.

Әнші сахнада мыңдаған көрерменнің алдында сәби күтіп жүрген жұпқа гендер-пати жасап, олардың болашақ сәбиінің жынысын айтты.

Концерт барысында әншіге ішінде УДЗ қорытындысы бар құпия конверт берілген. Джей Ло оны ашып, сәбидің жынысын қуанышпен хабарлады.

«Бұл – қыз бала! Тамаша, дені сау, бақытты болып өссін!» - деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.