Темірлан Мұқатаев 90 келіге дейінгі салмақтың финалында Шахзод Полвоновты (Өзбекстан) тізе бүктірді.
Темірлан Мұқатаев бокстан Азия чемпионатының алтын жүлдегері атанды
Фото: ҚБФ
1,859
оқылды

Қазақстан ерлер құрамасы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан U22 санатындағы Азия чемпионатында үшінші алтын медаліне қол жеткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Темірлан Мұқатаев Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын медальді салды.

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақтың финалында Шахзод Полвоновты (Өзбекстан) тізе бүктірді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын және екі күміс медаль бар. Бұған дейін Нұрислам Қалдыбаев (60 келіге дейін), Санжарәлі Бегалиев (80 келіге дейін) жеңімпаз атанса, Илья Калинин (65 келіге дейін) және Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) күміс медаль иеленген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.