Бұл әрекетін енесінен жасыру үшін үйіндегі заттарды шашып, жалған ұрлық ұйымдастырып, полицияға хабарлаған.
Енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізген келін сотталды
800
оқылды

Қосшыда "қарызын жасыру" үшін енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп, жалған ұрлық ұйымдастырған әйелдің әрекеті әшкере болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Ақыры қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін Қылмыстық кодексінің 419-бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұндай қылмыс үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.