Ақтаудағы полицейлер үйдің кіреберісіне қойылған арба мен самокаттар үшін айыппұл салып жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Енді тұрғындар жеке заттарын үйдің кіреберісіне қоюы айыппұлмен жазаланбақ. Оның бағасы - 110 760 теңге. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес бұл нәрсе санитариялық және өртке қарсы ережелерді бұзғаны деп әкімшілік жаза ретінде қарастырылады.
Жалпы, көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде арба, самокат, велосипед, гүл ыдысы, қорап секілді тыйым салынған заттардың көп қойылатыны белгілі. Десе де, тұрғындар орын жетіспеушілігін сылтауратса, мамандар көпқабатты үй ішіндегі дәліздер мен баспалдақ жолына мұндай заттардың тұруы - төтенше жағдай кезінде қол байлап, уақытты алып, кедергі келтіреді деп санайды.
- Ешкімге кедергі келтірмесе де, бір бұрышта ғана тұрса да - заңбұзушылық. Себебі, үйдің кіреберісі сіздің пәтеріңіз емес, ортақ қолданыстағы аймақ. Сондықтан артық нәрсені сыртқа шығармаңыздар. Әсіресе, үйде балалар, қарттар немесе мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қауіпті, - деп түсіндірді полицейлер.
Егер ондай олқылықтар байқалса, бірнеше жолмен хабарлауға болады:
учаскелік инспекторға хабарласыңыз;
шағымды eGov порталы арқылы жіберіңіз;
қолданбаны пайдаланыңыз Kaspi.kz ("Қызметтер" → "Мемлекеттік қызметтер"бөлімі).
Мұндай бұзушылық үшін айыппұл 20-дан 40 АЕК-ке дейін (73 920-дан 110 760 теңгеге дейін) құрауы мүмкін. Қайта бұзу одан да қымбат.