Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық, ақшаны жылыстатуға байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты qaz.ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала тыңдалым барысында күдіктілер БАҚ өкілдерінің процеске қатысуына қарсы екенін білдірді. Сонымен қатар олар сот отырыстары кезінде фото және видео түсірілімге тыйым салуды талап еткен.
Волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.
16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайрат Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады.
Перизат Қайрат Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорына түскен қаражатты өз жеке және анасы Алашбаеваның есепшоттарына аударып, кейін оларды зергерлік бұйымдарға, киім-кешекке, жиһазға, саяхаттарға, жөндеу қызметтеріне, автокөлік жалдау және басқа да шығындарға жұмсаған.