Тележүргізуші Мөлдірдің өзі туралы айтылып жатқан әңгімелерге қатысты көзқарасын сұрады.
«18 жастағы қыздікіндей»: Мөлдір Мұқанова өзі туралы сұраққа жауап берді
www.deezer.com
31,076
оқылды

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан өзінің авторлық бағдарламасына қонақ қылып, Тұрсынбек Қабатовтың әйелі әрі танымал продюсер, қазір көпке әнші ретінде танымал Мөлдір Мұқанованы шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Тележүргізуші Мөлдірдің өзі туралы айтылып жатқан әңгімелерге қатысты көзқарасын сұрады.

«Мөлдір, сенің энергетикаң 18 жастағы қыздікіндей. Сен мұны қалай сақтадың?» – деді ол қонағына.

Өнер иесі бұл сұраққа ойланбастан жауап қатты.

«Өмірге жарқын көзбен қарау керек. Себебі қуана білуде деп ойлаймын. Айналадағы барлық нәрсеге қуанышпен қарай білу керек», – деді М. Мұқанова.