Бұл туралы Премьер-Министрдің ресми сайтында мәлім болды.
Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифі көтеріле ме?
449
оқылды

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен сенбіде Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Үкіметте өткен жиын барысында коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылғаны белгілі болды.

Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болды (16,1 пайыз). Осыған байланысты үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Олардың өсуін ішінара кейінге қалдырды. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Үкімет сондай-ақ жартыжылдық инфляцияның негізгі динамикасын баяндады. Ерте өнімдерді жаппай жинау басталғаннан бері әлеуметтік маңызы бар көкөністерге бағаның өсуі тоқтап қана қоймай, керісінше төмендей бастаған.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша:

  • сәуір айында әлеуметтік азық-түлікке бағаның орташа өсімі 1,6% болса,
  • мамырда бұл көрсеткіш 1%-ға дейін баяулаған,
  • маусымда – 0,7%-ға дейін төмендеген.

Соңғы аптада өсім бар болғаны 0,1%-ды құраған.