Өңір бойынша барлығы 42 жетім баланың тұрғын үй құқығы қалпына келтірілді.
Ақмолалық азамат жетім балаға арналған пәтерді иемденіп, екі жыл бойы тұрып келген
istockphoto.com
483
оқылды

Ақмола облысында жетім балаға арналған пәтерді заңсыз пайдалану жағдайы анықталды. Прокуратура мәлімдегендей, ер адам онда екі жыл негізсіз тұрған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Заңнамаға сәйкес, ең алдымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың баспана алуға құқылы. Осы заңға сәйкес, прокурорлық актімен балалардың құқығын қалпына келтіруде шаралар қабылданды.

Өңір бойынша барлығы 42 жетім баланың тұрғын үй құқығы қалпына келтірілді.

Қадағалау жұмысы шеңберінде заңсыз жолмен қамтылған пәтерлер қайтарылып, тұрғын үй кезегін заңсыз алу жағдайлары жойылып, бұрын үй бойынша қайтарылған өтінімдер қайта қабылдануда.

Мәселен, облыс орталығындағы жетім балаға ешқандай себеп-салдарсыз кезекке қоюдан бас тартқан. Бұл іске прокуратура араласуынан кейін баланың құқығы қалпына келтіріліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылды.

Өңірде жетім балалардың тұрғын үй құқығын қорғау жұмысы әлі жалғасып жатыр.