Құтқарушылар әйелді қайықпен жағаға шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды
Өскемендe суға батып бара жатқан әйел құтқарылды
Видеодан скриншот
604
оқылды

Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінде, "Понтон көпірі" маңында іздестіру жұмыстарынан қайтып келе жатқан төтенше жағдайлар қызметкерлері суға батып бара жатқан әйелді байқап, дер кезінде көмекке келген, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Құтқарушылар әйелді қайықпен жағаға шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауға және қалқымалы өткелден алыс жүзбеуге шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз