Ақтаулық теннисші Бейбіт Жұқаев алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Ол Уимблдон жарысының іріктеу финалында рейтингте өзінен жоғары тұрған Лука Павловичті 3:6, 6:3, 6:2, 7:6 есебімен жеңді.
Б. Жұқаев – Уимблдонның негізгі торына шыққан алғашқы қазақ теннисші. Жеребе тарту рәсімі жұма күні өтеді.
Айта кетейік, биыл Уимблдон турнирінің негізгі кезеңінде Қазақстан атынан Александр Бублик, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Александр Шевченко және Анна Данилина да бақ сынайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз