Ол жұптық сайыста чехиялық Мария Боузковамен бірге жартылай финалға дейін жетті.
Анна Данилина Истборн турнирінің жартылай финалына өтті
Фото: ҰОК
515
оқылды

Қазақстан атынан өнер көрсететін теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол жұптық сайыста чехиялық Мария Боузковамен бірге жартылай финалға дейін жетті.

Ширек финалда Данилина мен Боузкова британиялық Джоди Беррэдж бен Сонай Картал жұбын 6:4, 7:6 есебімен жеңіп шықты.

Финалға жолдама алу үшін олар енді Майя Ламсден мен Харриет Дартты (Ұлыбритания) тізе бүктіруі қажет.