Енді азамат заң бойынша жауапқа тартылады.
400 мың теңге: астаналық азамат интернет арқылы қасқыр сатқан
istockphoto.com
1,447
оқылды

Астана қаласының Табиғатты қорғау полициясы басқармасының қызметкерлері жыртқыш аңды, яғни қасқырды  заңсыз сату әрекетін анықтады,  деп хабарлайды Aykin.kz.

Хабарландыру жариялайтын сайттардың бірінде қасқырды 400 мың теңгеге сататыны жайында ақпарат түскен. Осыны байқаған полицейлер тез арада әрекет етіп, сатушыны анықтап, хабарландыру бойынша хабарласып, кездесетін уақытын келіскен. Сатушы азамат сол жерде ұсталды. 

Тәркіленген қасқыр мемлекеттік тәлімбаққа жеткізілді. Оны қайда жіберу керегі әлі белгісіз. Десе де шешімі анықталғанға дейін сонда болады.  Ұсталған азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, талқылануда. 

Құқық қорғау органдары жеке тұлғалардың жабайы аңды ұстауға, сатуға тыйым салынатынын еске салды. Жабайы жануарлар есепке алынып, қорғалып, арнайы емдеу режимінде күтім көрсетілетіні белгілі.