Бұл Зарина үшін ITF аясындағы 12-ші жүлде болды.
Зарина Дияс Испанияда өткен турнирде жеңіске жетті
472
оқылды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Таусте (Испания) қаласында өткен ITF W35 сериялы турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Финалда отандасымыз әлемдік рейтингте 446-орында тұрған италиялық Дилетта Черубиниді 6:1, 6:7 (4:7), 6:1 есебімен жеңді.

Бұл Зарина үшін ITF аясындағы 12-ші жүлде болды. Сондай-ақ, оның WTA 250 деңгейіндегі бір жеңісі бар.