Қазақстан құрамасы дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады.
Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады
Фото: ҰОК
302
оқылды

Соңғы сайыс түрі – аралас командалар арасындағы бәсеке болды.

Бастапқы кезеңде ұлттық құрама Бразилия командасымен кездесті. Нәтижесінде, бразилиялықтар 0:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан бұл әлем чемпионатында жалғыз ғана медаль еншіледі. Турнирдің бірінші күнінде Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.